«Ақарыс»бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Түркістан облысының ,Төлеби ауданы бөлім бөлімінің «Ақарыс» бөбекжай –бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
| 2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан жерінің мекен-жайы) | Түркістан облысы,Төлеби ауданы, Кемеқалған ауыл округі, Абай елді мекені,Қошқарата көшесі 25А. |
| 3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт) | Ұялы телефон :8777-885-32-89 электронды поштасы: nuraliyeva.zhadyra@bk.ru https://akaris.bb.edu.kz/ |
| 4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі) | Нуралиева Жадра Калыбековна «Ақарыс» бөбекжай-бақшасы 2024 жыл 30 шілде № 301 бұйрығымен бақша меңгеруші лауазымына тағайындалды. |
| 5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен. БСН 120640010964 алғашқы мемлекеттік тіркеу күні 15.06.2012жыл. |
| 6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы 2024 жылғы 03 наурыз №KZ95RVK00056686 хабарлама берілген. |
| 7 | Құрылған жылы | 2012 жыл |
| 8 | Типтік ғимарат | бір қабатты типтік |
| 9 | Топтар саны | 2 топ |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер: І ауысым; ІІ ауысым |
| 13 | МДҰ – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны 60 балаға арналған. 13.01.2015жылы № 17р10-3-3 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды. |
Балабақша ғимараты типтік үлгіде. Балабақша 60 орындық, қазіргі таңда 50 тәрбиеленуші жас ерекшеліктеріне қарай 2 топқа топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 17.30 сағатқа дейін, 9,5 сағат жұмыс жасайды. Қазіргі таңда 50 тәрбиеленуші 2 топқа «Балауса» ортаңғы тобы, «Аяулым» ересек тобына топтастырылған.
Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын, жатын бөлмелері, меңгеруші, медицина бөлмесі, кір жуу бөлмесі,асхана, мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі табиғи газбен жылытылады.Су,электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды.Медициналық кабинетте қабылдау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман жабдықтармен жабдықталған.
Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы және топтарға арналған жазғы шатырлар өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар көлеңкелі қоршау орындығымен гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы бар.
Балабақшаның арнайы бөлмелері:
— Меңгеруші бөлмесі;
— Теледидар – 2 дана;
— Компьютер – 1 дана;
— Ноутбук — 1 дана;
— Принтер-1 дана.
— Түрлі-түсті принтер – 1 дана
Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы»,«Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», «Кітап бұрышы», «Табиғат бұрышы», дамытушы кеңістік орта жасақталған.